Мектеп формасын кию міндет емес

Мектеп формасын кию міндет емес

Жаңа оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндет емес. Сабаққа классикалық үлгідегі киімдермен де баруға рұқсат берілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды. Жаңашылдық уақытша ғана. Бұл ретте ең алдымен елдегі эпилемиологиялық жағдай ескеріліп отыр дейді ведомство басшысы.

«Дүкендер белгілі бір уақытта, кейбір қалаларда жұмыс күндері ғана істейді. Ата-аналар мектеп формасын сатып алу үшін сауда үйлеріне жаппай баратын болса, вирус жұқтыру қауіпін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, уақытша қиындықтарға байланысты отбасылық бюджетке қосымша жүктеме болады».

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жарияланған «оқушылар І-тоқсанда қашықтан білім алады» деген ақпарат жалған. Министрлік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Оқу форматы туралы шешімді коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.