фото: https://pixabay.com/ru/
Елде дәрігер тапшы.
Қазір өңірлерге 8 мыңнан астам дәрігер жетіспейді.
Әсіресе акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, терапевт сияқты мамандарға сұраныс жоғары. Кадр тапшылығы көбіне шалғай ораналасқан елді мекендерде сезіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Бұған қоса медициналық қызметтің сапасына қатысты арыз-шағымдар да көп.
Медицина саласында қордаланған мәселе көп. Жауапты ведомствоны басқаруға жақында кіріскен министр соның бірқатарын тізіп шықты. Мәселен, медициналық ұйымдардың әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 90 млрд.теңгеге жуық берешегі бар. Бұл соңғы жылдары жиналған кредиторлық қарыз.
Алқа отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы талқыланды. Президент сынынан кейін бұл бағыттағы жұмыстарды жетелдіру қолға алынды. Былтыр елімізде 30 мыңға жуық адам тиісті медициналық көмектен қағылған. Бірақ жүйеге бөлінген қаржы екі есе өсіп, 3 трлн теңгеге жуықтаған.
Енді ауылдағы ағайынға медициналық көмекті қолжетімді ету қажет. Осы ретте емханалардың техникалық базасы жаңартылып жатыр. Нәтижесінде сапа артуы тиіс.
Халықты дәрі-дәрмекпен қамту мәселесі де өзекті. Қазір министрлік жүйені оңтайландырып, препараттардың сапасына басымдық беруді көздеп отыр. Қазір қажетті дәрілер қоры бар. Медициналық мекемелерге жеткізілген. Яғни жауаптылар, дәріден тапшылық болмайды деп сендірді.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через