фото: sm.nis.edu.kz
Меценат Исламбек Салжанов 8 мың кітапты сыйға тартты. Енді бұл басылымдар еліміздің барлық қалалық және аудандық кітапханаларына жеткізіледі.
Жинақтар инновациялық технологияларға бағытталған. Меценаттың өзі Астанадағы студенттермен кездесу өткізді. Шара барысында ол қазақ тілінің білім берудегі өзектілігіне тоқталып, кітаптарды қазақ тіліне аудару – еліміз үшін басты міндеттердің бірі екенін жеткізді.
Исламбек Салжанов, меценат:
Тәуелсіздіктің арқасында елімізде 75 пайыз қазақтың ұл-қыздары қазақ тілінде оқып жатыр. Әрине ол қуантатын жағдай. Үздік әлемдік кітапты біз қазақ тіліне аудардық. 3 қала бар: Алматы, Астана, Шымкент. 18 облыс, 168 аудандық кітапхана бар екен. Қазіргі мақсатымыз сол барлық көпшілікке, ауыл балаларына жеткізу.
Дереккөз qazaqstan.tv.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через