фото: https://kaz.nur.kz/Бүлдіршіннің анасының жеке мұрағаты
Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы Ойыл ауданына қарасты Екпетал ауылында бәйгеге шауып жүрген ат суға батып кеткені көрсетілген видео тараған болатын. Ханторысынан айырылған үш жасар бүлдіршінге мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев бәйге атын сыйлады.
Үш жасар бүлдіршіннің анасы Астанадан келген депутаттардың ұлына бәйге атын атағанын растады.
"Желіге тараған ақпарат рас. Кеше Астанадан депуттар келіп, тұлпар атап кетті. Ол баланың дәл қазір ат байлайтын қорасы жоқ. Сондықтан қай уақытта ат қорасы дайын болады, сол кезде әкеліп беремін деп айтты", - деді бүлдіршіннің анасы.
"Өңіріміздің болашақ шабандозына Ханторының орнына Нұржебе атты ат береміз", - деді Қазыбек Әлішев.
Еске сала кетейік, Екпетал ауылында үш жасар баланың бәйгеге шабатын аты жергілікті тұрғындардың көз алдында тасқын суға батып кетті. Аты суда тұрғанын фотодан көрген балақайдың әкесіне жолдаған аудиохабарламасы әлеуметтік желіде тарап кеткен.
Бір түнде су астында қалған ауыл тұрғындыры малды қауіпсіз жерге шығарып үлгермей қалған. Бас сауғалап, биік ғимараттарға шыққан тұрғындар тасқын ағызып бара жатқан малға тек жоғарыдан қарап тұрғанын айтты.
https://kaz.nur.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через