Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ және тұмау ауруларының көбеюіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.
Қазақстандықтарға қайтадан бетперде киіп, адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес беріледі.
Ведомство мәліметінше, елде ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі байқалады.
"Эпидемиялық маусым басталғаннан бері, яғни 2022 жылдың 1 қазанынан бері жіті респираторлық вирус инфекцияларының 2,1 миллион жағдайы тіркелді, оның 65,5 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, тұмаудың зертханалық расталған 1834 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 717", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.
Тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды ұсынады:
- Маска мен антисептиктерді қолдану.
- Адамдар көп жиналатын орындарға баруды, ауру адамдармен қарым-қатынасты шектеу.
- Үй-жайларды желдетіп, жиі ылғалды тазалау жүргізу.
- Дереу медициналық көмекке жүгіну.
Фото: radikal-photo.ru, kaz.nur.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через