Мас жүргізуші жазадан қашып, рульге итін отырғызбақ болды

Мас жүргізуші жазадан қашып, рульге итін отырғызбақ болды

Жылдамдықты асырған жүргізуші қамауға алынбас үшін жолаушы креслосындағы итімен орнын ауыстырмақ болған.

Спрингфилд қаласында көлікті тоқтатқан полиция қызметкері көліктегі оғаш көріністі бақылап отырды.

Мас жүргізуші жүргізуші орындығына итін отырғызған. Ол тәртіп сақшысына көлікті «басқарған» өзі емес екенін айтып, ішімдік ішкенін полиция қызметкерінен жасыруға тырысқан.

Бірақ бәрібір қашып құтыла алмады. Көліктен бірнеше метр қашықтықта қамауға алынып, мас күйінде көлік жүргізді, қамауға қарсылық көрсетті және жылдамдықты арттырды деп айыпталды. Ол қамауға алынбас бұрын ауруханаға жеткізілді.

«Итке ешқандай айып тағылған жоқ, босатылды», - деп әзілдеді полиция.

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото lenta.ru