"Адалдық алаңы" акциясы аясында балаларды отырғызып қойып, ешкімнің ала жібін аттамайтын, адал азамат болуы жөнінде ақылдың алты атасын айтамын.
"Мақұл мама адал әрі, ешқашан оңай табылған олжа мен арам дүниеге қызықпайтын боламыз!" - деп айтқаныңды түсінген сыңай танытады.
Алдыңғы күні келе жатып, жолдан 500 теңге тауып алыпты. Не аларын, не алмасын білмей ойланып, сол жерде тұрып алып "Кімдікі?" деп қайталап айқайлап тұра берген ғой. Сөйтсе арғы жағындағы колледжден шаққан студенттердің бірі "Менікі еді"- деп алып қойды дейді.
Неге тауып алғаныңды өзің ала салмадың десем, оңай келген олжаны қайтемін?- деп өзімді мат қылды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через