Мақпал Жүнісова Мерей өзінің туған бауырының қызы екенін айтты.
Белгілі әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің әкесі Заманбек Нұрқаділов емес екенін, ол өзінің туған бауырының қызы екенін айтты, деп жазды Aikyn.kz.
«Мен сіздерді Заманбек Нұрқаділов үшін өтірік алдадым. Кешіріңіздер! Мерей менің қызым емес! Ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Өзі білсін! Біз зорлықпен алған жоқпыз қызды.
Екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері берген. Асырап бер деп. Асырадық, Зәкең өзінің тегін берді. Енді ол қыздың алдында мен басымды имеймін. Кетсе кете берсін! Өзінің әке-шешесі бар, туған бес бауыры бар! Өлмейді, барсын! Жібердім, мен шындығымды айттым», – деді Мақпал Жүнісова.
Фото ainews.kz сайтынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через