фото: https://mangystaumedia.kz
Өте сирек кездесетін жыртқыш ақ қасқыр «Манашы» мемлекеттік табиғи қаумалында фотоқақпанға түскен. «Ақ қасқыр – Маңғыстауда өте сирек кездесетін жыртқыш аң. Оның сезімталдығы жоғары әрі төзімді, өз аумағында ең қаһарлы жыртқыш саналады. Салмағы мекен ететін жеріне қарай 30-80 келі шамасында болады», - дейді Маңғыстау облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через