Оқиға бүгін "Көк шығанақ" ауданында болған.
24 шілдеде сағат 08:28-де Форт-Шевченко қаласының өрт сөндіру бөліміне «Көгілдір айлақтағы» демалушылардан қоңырау келіп түсті. Демалыс орнына кіреберісте сел пайда болып, автокөліктердің ағып кеткендігі туралы шақырту алдық. Шақыру түскеннен соң Ақтау қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен вахталық автокөлігі шығып, оқиға орнына барып 10 адамды эвакуациялады. Олардың екеуі – бала, – деді Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через