Білім

Бөлісу

Магистратураға түскендер тізімі 25 тамызға дейін жарияланады

  Магистратураға түскендер тізімі 25 тамызға дейін жарияланады

Магистратурада білім алуға бүгінде республика бойынша 17 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түсті. Грант иегерлерінің тізімі Ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм-каналында 25-тамызға дейін жарияланады.

Сонымен қатар қазіргі кезде докторантураға түсу емтихандары жүріп жатыр. Бұл емтихандар 20 тамызға дейін жалғасады.

Емтихан нәтижесі келесі күні докторантураға түсетін адамның «Жеке кабинетінде» жарияланады. Ал апелляцияға арналған өтініш нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді.

Фото: bilimdinews.kz. Дереккөз ҚазАқпарат.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через