15-18 маусым аралығында Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылында «LEPSI 2023» ауқымды халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді. Іс-шара малшылар күніне орайластырылды.
Бағдарламада дәстүрлі түрде ет саласының мамандарына арналған іс-шаралар да, ұлттық спорт түрлерінен жарыстарды қамтитын ойын-сауық бағдарламасы да бар.
Халықаралық малшылар сьезі ресми түрде 16 маусымда сағат 10.00 ашылады. Бұл шараға Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Чехия, Эстония, Румыния, Өзбекстан, Қырғызстан, БАӘ, Моңғолия, Түркия, Рессей елдерінің кәсіпкерлері қатысады.
Іс-шара бағдарламасымен толығырақ төмендегі бағдарламадан таныса аласыздар.
Көрмеге қатысу үшін арнайы шетелден келген қонақтар қазақстандық өндірісшілердің жетістіктерімен танысып, Қазақстаннан және басқа да көптеген мемлекеттен келген әріптестерімен келіссөз жүргізе алады.
Алдағы шараға барлығы 5 мың фермер қатысады деген болжам бар.
Ұйымдастырушылар "ZHERSU" корпорациясы және Қазақстанның Ангус республикалық палатасы.
Фото janalyq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через