Lego-дан Меккедегі мешітті құраған бала

Lego-дан Меккедегі мешітті құраған бала
фото: Қазинформ

Желіде Lego-дан Меккедегі әл-Харам мешітін құраған 10 жастағы Нұрали Жұмабектің бейнежазбасы аз уақыт ішінде 2 миллионнан астам қаралым жинады. Оның бұл туындысына тәнті болған көпшілік тілекті қарша боратып, тілектестік білдірді.

Нұрали Құдіретоллаұлы Алматы қаласында тұрады. Кішкентайынан зерек, қолөнерге жақын болып өскен ол 4 жасынан бастап конструктор құрауға қызыға бастапты.

«Нұрали қазір Damu зияткерлік мектебінде 5-сыныпта оқиды. Өзі  – отбасының тұңғышы, артынан 2 қарындасы мен інісі еріп келеді. Жалпы, бала атаулы ойыншыққа құмар келеді емес пе? Нұрали де кішкентайынан түрлі ойыншыққа әуес болды. Оның Lego-ға деген қызығушылығын 4 жасында байқалған екен.

Бейімін байқаған ата-ана баласының бұл қабілетін ұштай түсу үшін балабақшадағы «робототехника» үйірмесіне  апарған.

Нұрали құрастырған туындылардың ішіндегі ең үлкені әрі күрделісі – Меккедегі әл-Харам мешіті екен.

«Мешітті «тұрғызуға» 2,5 апта уақыты кетіпті. 2 300 детальдан құралған. Биіктігі – 22 см, ұзындығы – 62,2 см, ал ені – 43,4 см».

Нұрали  Lego-ны 2 рет бұзып, қайта құраған.

 ҚазАқпарат