«Мен қазақ ұлтының көші-қон өмірі жайлы, осындай жақсы түсірілген фотосуретті көрмеппін». Серік Мұқышұлының «Күнмен бірге көшен ел» атты фотошығармасын көрген кезде менен дәл осындай тебіреніс толқып өтті.
Серік Мұқышұлы 2011-2012 жыл аралығында қазақ малшыларының көшімен еріп, Шыңжаңның ең солтүстігіндегі Алтай аймағының тауы мен тасының, ойы мен қырының арасындағы көші-қон өмірлерін шынайы түсірген. Бүгінгі таңда қазақ халқының көші-қондық жағдайын адамдар негізінен біліп алған, алайда кейбір өңірлердің білмей қалуы да ғажап емес.
Өткен ғасыр соңында фотография өнері мен саяхат мәдениетінің дамуына сай, кейбір фотосуретшілер өңір табиғаттарының әдемілігін сағалап, қуалай түсіріп жүріп, Алтай өңіріндегі қазақ халқының көші-қонын байқап, таңдана фотоға түсіре бастаған. Оларға аса қызық болып, ғажап көрінгені басқа емес, ол жердің күлін аспанға ұшырған, іркес-тіркес түйелі көш пен шұбатылған қора-қора қойлар. Әрі көркем әрі айбынды, бұндай көрініс олардың көзжауын бірден алған. Содан бастап Алтай қазақ көші-қонын фотосуретке түсіру жалпы ел фотосуретшілері мен әуесқойлардың жылына 2 рет барып түсіретін әдеттеріне айналған. Алтай тауы сілемінің басы мен аяғында қазақ малшыларының көші көрінген жердің бәрінде фотосуретші жүргенін көрмей қоймайсың. Содан бастап қазірге дейін мемлекет көлеміндегі үлкенді-кішілі фото байқаулары қазақ көшінің фотосуретінсіз өтпейтін сияқтанған болатын. Байқауға қатысып сыйлық алып атаққа ие болғың келсе, қазақ көшінің фотосуреті болу керек деген ұғым да қалыптаса бастаған сыңайлы. Сөйтіп жалпы фотосуретшілер арасында «Қазақ көші» деген, зат есімге айналған. Шыны керек содан бастап «Қазақ көші» деген тек бір әсемдік көрініс, тек бір тәтті суреттің атауы ғана болып қалаберді. Қазақ халқының көші-қон азабы, қарлы боран, нөсерлі жауын арасымен жүретін жапакештігі, мал соңында болған қазақ халқының өмірдің сынында болатындығын ойлап жатқан ешқандай фотосуретші болмаған. Ия, олардың фотосуретінен осылардың көрінбегені, «Қазақ көші» деген осы бір сөздік өз мағынасын жойғаны, адамзат пен табиғат арасындағы өмір деген байланыс та өшіп кетерме екен.
Серік Мұқышұлының «Күнмен бірге көшкен ел» шығармасында, әр маусымның құбылысы, қақаған қарлы дауыл, шелектеп құйған нөсер, сары аяз бен салқын түн, бәрі-бәрі бейнеленген, жапаға толы қазақ малшыларының өмірі, адамзат пен малдың өмір ортақтығыда аңғарылып тұр. Төрт маусымның өңі мен түсі, таңы мен кеші, жылуы мен салқыны, қыры мен жоны, суы мен жолы, қазақ малшыларының көш жолынан: үміт, арман, тарих, болашақ бәрі-бәрі көрініп түрғандай. Ұлы табиғатпен етене өмір сүрген бұл халық, тек сол табиғат секілді көрінеді көзіңе.
Серік Мұқышұлының шығармасынан осылардың барлығы көрініп тұр. Ия дәл осы айтылғандар, фотосурет баяндауына айналғанда, бейне «Қазақ көші жайлы» кинофильм көріп шыққандай болдық, бәрі де соншама әсерлі, бәріде соншама шынайы. Фильмнің бас кейіпкері қазақ малшылары, олардың сары аяздағы батыр бейнелері мен мамыра жай жайлау төріндегі нұрлы жүздері, өзіңді дәл сол ортада жүргендей сезіндіреді. Серіктің «фильмінде» жалпы көріністер табиғатқа-ортаға сай өзгерісте болып, әр қандай нәзік буындар ашық көрінген. Фотосуреттің жалпы кең көрінісі, орта-тең көрінісі мен жақын көріністер алма кезекпен беріліп,тынымсыз өзгерісте болып отырған, шынайылық эпизоды көзге ерекше көрініп, табиғилығымен бойыңды жаулайды.
Серік Мұқышұлы шығармасында, қазақ малшыларының көші-қон барысындағы өндіріс пен тіршілік тәсілдерінен эпикалық мән сездіре алды. Ол көрермені мен оқырманын шынайы көріністерге жетелеп апарды. Көрермен мен фотосуретті ортақ бір кеңістікке сыйдырғандай сездіре алған. Бұл міне, бір қазақ фотосуретшісінің өз ұлтының өмірін асқақтата жырлаған поэмасы, бұл шығарманы көрген адамның жаны серігіп жүрегі тебіренбей қоймайды. Міне дәл осыдан, Серік Мұқышұлының бойында аса шебер фотосуретшіде болатын қабылеттің барлығын байқауға болады, өйткені оның шығармасы, терең өмірге араласып кетті, сол арқылы біз қазақ көші-қоны арқылы, қазақ халқының қайсар мінезі мен қаһармандық рухын көре алдық.
Серік Мұқышұлы, фотошығармасының атын «Күнмен бірге көшкен ел» деп қоюының өзінде мән жатыр. «Күн» сөздігі бұл жерде түрлі мағына береді, Серік Мұқышұлының айтпақшы болғаны, көш жолындағы халқын күнге теңеген, ол халық қазақ халқы, қазақ халқы ол Серік Мұқышұлының жүрегіндегі мәңгілік күн. Сол күн, Серік Мұқышұлы мен қазақ халқын нұр шуағына мәңгі бөлей берсін.
Пікір білдіруші — Бао Кун, атақты тәуелсіз-қоғамдық сарапшы, фотоөнер мәдениетінің сыншысы, куратор, «Қараңыз, тағы қараңыз» атты бірнеше кітаптардың авторы. Қытай фотосуретшілер қоғамы теориялық комитетінің орынбасары, Қытайдағы халықаралық фотобайқаулардың, алтын фотосыйлығының төрешісі.
Бао Кун
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через