Күн сәулесі пайдалы ма?

Күн сәулесі пайдалы ма?

Қала тұрғындары жаз шықса күн сәулесі арқылы дене түсін өзгертуге асығады. Бұл себепсіз емес. Мамандардың айтуынша, күнге қыздырыну денедегі тері құрылымын жақсартып, бойға қуат береді. Ең бастысы жазда  демалушылар рахит, ішек ауруларынан сауығып, күн сәулесі арқылы ағзаны күш-жігер беретін дәрумендермен қамтамасыз етеді екен. Алайда ультракүлгін сәулелерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда тері қатерлі ауруларға ұшырайтынын ұмытпаған

Қыста ультракүлгін сәулесі жетіспегендіктен тері ауруларының қатары көбейеді. Ал күн сәулесінің тері мен ағзаға пайдасы зор. Сондықтан күн сәулесінен келетін Д дәрумені тіске, тырнаққа, шашқа қажетті кальцийді алмастыруға көмектеседі. Алайда, күн сәулесін дұрыс пайдалана білмейтіндер көп жағдайда жағажайда ұзақ уақыт жатып, күйдіріп алады. Нәтижесінде терінің қызаруы екі-үш күннен кейін пайда болады да, дене  қызуы көтеріліп, әлсірейді. Пигмент-меланин теріні ультракүлгін сәуледен қорғайды. Ол сәулені бойына сіңіріп алып, ультракүлгін-фильтр секілді теріні сақтайды. Қартайған тері зиянды сәулелерді көп тартады.


Ультракүлгін сәулесін мөлшерден тыс қабылдамау үшін қандай қорғаныс  қажет?

1. Күннен сақтану үшін етек-жеңі ұзын киіммен жүру керек. Матасы да теріге жабыспайтын жеңіл болғаны жөн.
2. Күн тым ысыған жағдайда  қолшатырыңыз болмаса, міндетті түрде жеңіл бас киім  киіп жүріңіз.
3. Тікелей күн сәулесінен көлеңкеде тұруға әдеттеніңіз. Терлегенде ағзадағы қажетті тұздар да жоғалады. Сондықтан жиірек минералды, қайнаған су, сұйық тамақ ішіңіз.
4. Күн сәулесінен қорғайтын кремді үйден шығардан 30 минут бұрын жағыңыз. Терлесеңіз немесе суға түссеңіз ылғал теріге қайта жағып алыңыз. Қай фирманың күн сәулесінен қорғайтын кремі болмасын, екі сағаттан кейін қорғаныш қуаты азаяды.
5. Ультракүлгін сәулелері көзге де кері әсерін тигізеді, сондықтан күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік киіп жүруді естен шығармаңыз.
6. Жағажайда құмның үстінде көп отыруға әуес болмаңыз.
7. Ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын кремдер аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан крем таңдағанда мамандармен ақылдасқаныңыз жөн.

8.Ақшыл өңді адамның терісі тез қызарады да, тері мембранасы тез бүлінеді. Ондай жағдай терінің ерте қартайюына алып келеді.


Есте сақтаңыз: күнге қыздырынудың қауіпсізі жоқ. Терінің ең жақсы түсі - өзіңіздің табиғи түсіңіз. Аяғы ауыр әйелдерге күнге қатты қыздырынуға болмайды.

Фото: krasotulya.rufamilydestinationsguide.com