фото: standard.kz
Оразбек Сәрсенұлының (1923-2023) 100 жылдық мерейтойына орай, күйшінің шығармалары тұңғыш рет Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауында концерт өтеді.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - БАТЫРЖАН МЫҚТЫБАЕВ.
Бас дирижері, мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты - АБЫЛАЙ ТІЛЕПБЕРГЕН.
Дирижері, ҚР Мәдениет қайраткері - ЖЕКСЕН АЙСЫН.
ӨТЕТІН КҮНІ: 10 қараша, сағат 17.00-де. Келемін деушілерге есік ашық.
Абылайхан даңғылы, 83
Кеш барысында Оңтүстік өңірдің Қызылқұм, Мырзашөл өңірінің дәстүрлі ән, күй, жыр-термелері Алатаудың төрінде шырқалады!
Осы кеште "Бір күй - бір жеңімпаз!" атты байқау қорытындыланады!
Концерттің тағы бір ерекшелігі - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясы, дәстүрлі өнер кафедрасының доценті, күй зерттеуші МҰРАТ ӘБУҒАЗЫНЫҢ "Күлтір, Мамай. О.Сәрсенұлы" кітабының тұсаукесері өтеді.
КЕШКЕ ҚАТЫСАТЫНДАР:
ҮРАЛХАН СЕЙІЛБЕКОВА - ҚР мәдениет қайраткері, Шымкент қ. опера және балет театрының артисі.
САЯН АҚМОЛДА - ҚР мәдениет қайраткері, қобызшы, домбырашы.
АЙЖАН АБДУБАИТ, “Zerleu” авторлық үйінің қазақ ұлттық киімдерінің көрсетілімі.
НҰРЛАН ТҮМЕНБАЕВ, Т.Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясының оқытушысы, халықаралық, республикалық күй байқауларының жеңімпазы.
ЕРБОЛ ҚАЛМҰРЗАЕВ - Шымкент саз колледжінің оқытушысы, дәстүрлі әнші.
ЛУНАРА МӘУЕТБЕК - Т.Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясының магистранты, "Алатау" дәстүрлі өнер театрының артисі, халықаралық, республикалық күй байқауларының жеңімпазы.
РУСЛАН АҚЫНБЕК - Шымкент саз колледжінің оқытушысы, республикалық жыр-терме байқауларының жеңімпазы.
ТИМУР ҮМБЕТЖАН, Т.Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының студенті, республикалық күй байқауларының жеңімпазы.
ТҰРАР ӘЛМЕНОВ - Шымкент саз колледжінің оқытушысы, республикалық жыр-терме байқауларының жеңімпазы.
ЕРМЕК ҚАЗМҰХАМБЕТ - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның студенті, республикалық күй байқауларының жеңімпазы.
ГҮЛНАЗ САРТАЕВА - Арыс ауданы мәдениет үйінің артисі, жыршы-термеші.
Келем деушілерге есік ашық!
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через