Ресми мәліметке сүйенсек, қазақстандықтардың шамамен 33 пайызының көзінде ақау бар. Бүгінде алыстан және жақыннан көру қабілеті нашар, көзілдірік тағатын, линзаға тәуелді жастардың саны өскен.
Бұл – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Көз ауруының күн санап жасарып бара жатқанына түрлі себеп бар. Соның бірі компьютер мен смартфонға көп үңілуді атап өтуге болады. расын айту керек, ХХІ ғасыр – ақпараттық технология дамыған ғасыр. Барлығы жаңа жүйеге, интернетке тығыз байланысты.
Көз – нәзік мүше. Көзі нашар көрсе де, бейқамдықпен дәрігерге бармай жүрген адамдар қаншама?! Егер аурудың бастапқы белгілерін сезінсеңіз, мамандардың айтқанына жүгінсеңіз, аурудың алдын аласыз. Кейбір жастар көзілдірік тағуға қысылады. Есесіне, линза тағады.
Қазақ ғалымдарының айтуынша, қазір әрбір үш не төрт баланың бірі мектепті көзілдірікпен бітіреді. Мұның себебі неде? Осы және өзге де сұрақтарды жоғары санатты офтальмолог-дәрігер Жұмабекова Салтанат Қажымұқанқызына қойған едік.
Фото: news.myseldon.com
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через