«Естімеген – елде көп». Бұған дейін қыз-келіншектердің мазасын кетірген көздің айналасындағы күңгірт шеңбер бүгінде сәнге енді. Әсіресе Тік-токта опа-далаптың көмегімен көзін айналдыра қарауытып бояу жаңа үрдіс. Бірнеше ай бұрын модель Сара Карстенс танымал қосымшадағы парақшасында бейнеклиппен бөліскен болатын. Онда сұлу бикеш макияждың көмегімен көзінің астын күңгірт түске бояды.
Көз астындағы қарауытқан шеңбер қазір сәнде ме? Онда менің айым оңынан туды!», «Көз астындағы күлдіреген теріні қалыпты «нәрсеге айналдыратын уақыт жетті», «Тиктоктағылар көзінің айналасын макияждың көмегімен әдейі күнгірттейтінін жаңа білдім... Демек мен бояусыз-ақ трендтемін!» депті әлеуметтік желі қолданушылар.Трендтің негізін қалаған модель бұл үрдістің тек артықшылықтары ғана бар дейді.Сұхбатында ол көптеген адамдар көз астындағы шеңбермен өмір бойы күресіп өткенін айтады. Алайда енді міне оны бояп жасырудың қажеті жоқ дейді Сара.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через