Короновирустың жүктілікке әсері

Короновирустың     жүктілікке    әсері

Короновирустың     жүктілікке    әсері

Екінші   жыл  қатарынан  әлем   пандемия  жағдайында  өмір  сүріп  жатыр. Күтпеген  жерден  тез, тіпті мамандар үшін де беймәлім індет бүкіл планетаға лезде  таралды. Ешбір елдің денсаулық сақтау жүйесі инфекциялық аурулармен күресуге дайын болмай шықты.  Дәл осы кезеңге дейін жұқпалы аурулар енді адамзатқа қауіп төндірмейді  деген сенім болған еді. Бірақ шындық мүлдем басқаша болды.

 Бүгінгі таңда эпидемиялық  ахуал  ушығып  тұрған   кезде  қоғамды  ұрпақ мәселесі алаңдатуда. Қандай  топалаң  заман  болса  да, адамның өмірге келуі тоқтаған емес. 2 жыл қатарынан  елдің  берекесін алып, зәре құтын қашырған  коронавирус инфекциясы репродуктивті функцияға және жүктілікке  қалай  әсер  етуде  деген  сұрақ  туындайды. Медицина  ғалымдарының  тәжірибесі   көрсеткендей,  егер  жүктілік  кезінде  әйел covid-19- бен  ауырса,  онда инфекция  пневмония және басқа  да  ауыр  асқынулармен өрбиді. Өкінішке орай, бұл үлкен проблемаға айналады. 2020 жылы Қазақстанда  ана  өлімінің  көпшілігі пандемияға байланысты болды. Жүктілік кезінде инфекция жұқтырған әйелдерде  мерзімінен  бұрын босану, реанимацияға жатқызу және  өлім  жағдайы  50 пайызға  жоғарылады.

 Ковидпен ауырған әйелдерден  туылған  нәрестелерде  ауыр медициналық асқынулардың  қаупі үш есе көп кездесті..

 Сонымен қатар, ғалымдар  короновирус  инфекциясы  ерлердің  ұрпақты болу жүйесіне теріс әсерін анықтады. Covid-19 адам ағзасына енгеннен кейін, оның ішінде ер адамдардың ұрпақты болу жүйесіне әсер етеді. Ауырған ер адамның қуаты нөлге дейін төмендегені тіркелген. Осыған қарап,  ғалымдар  короновирус  ер азаматтарда    импотенция мен бедеуліктің  дамуына әкелуі мүмкін дегенді  айтады.

Осылайша, короновирус ерлер мен әйелдердің ұрпақты болу жүйесіне, жүктіліктің барысы мен нәтижесіне теріс әсер етеді деуге негіз бар. Бұл өзгерістердің  қаншалықты  қайтымды  екенін  әлі  зерттелуде ,  - дейді  мамандар.