Денсаулық

Коронавирус инфекциясы маса арқылы жұқпайды

  Коронавирус инфекциясы маса арқылы жұқпайды

Желіде коронавирус инфекциясы маса арқылы жұғады деген ақпарат талқыланып жатыр. Адамдардың ойынша, жәндіктер инфекция тасымалдайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қансорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екені туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін мұқият сақтаңыз», – делінген хабарламада.

 (фото stopfake.kz сайтынан)

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру