Денедегі майды көк шай тез ерітеді. Ғалымдардың зерттеуіне сенер болсақ, көк шайды күніне 3-4 рет ішкен жағдайда еріген майдың көлемі 45 пайызға артатын көрінеді. Иә, көк шай артық майды тез ерітетін қасиетке ие. Арықтауға көп көмегі тиеді. Әрине, тек көк шай ішіп артық салмақтан арыламын деу өте қате пікір. Мұндай жағдайда кез келген адам денсаулығын бұзып, тіпті, төсек тартып жатып қалуы да ғажап емес. Сондықтан да бүгін біз көк шаймен қалай арықтауға болады, ас мәзіріне қандай тағамдарды қосқан дұрыс және тағы басқа сұрақтарға жауап іздейтін боламыз. Көк шай өте пайдалы сусындардың бірі. Егер көк шайды қантсыз ішіп, кеңестерімізді бұлжытпай орындайтын болсаңыз 4 апта ішінде 5-6 келіден арылуға болады. Бұл сіз ойлағандай керемет нәтиже болмауы да мүмкін. Бірақ, сіз көк шай арқылы денсаулығыңызға ешбір зиянын тигізбей салмақ тастауға қол жеткізесіз. Себебі көк шай тек диета жағдайында ғана емес, денсаулыққа да тигізер пайдасы мол екен. Шайдың бұл түрі антиоксидантқа бай. Қартаюды тежеп, артериялық қан қысымын қалыпқа келтіреді. Ағзадан токсиндерді, тұздарды шығарып, қабынудың алдын алады. Сонымен қатар, үнемі көк шайды ішіп жүрген жағдайда қан тамырлары нығайып, тазара түседі екен.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через