2030 жылға қарай Қазақстандағы орташа жылдық температура екіге, ал 2050 жылға қарай, үш градусқа артады.
Ал мамандардың айтуынша, күннің жылуы ауыл шаруашылығы саласына зиян келтіруі мүмкін. Қазгидрометтің болжамы бойынша бұл жаз ыстық болады. Температура нормадан 1-2 градусқа жоғары.
Климаттың өзгеруі еліміздегі ауыл шаруашылығы секторына, су ресурстарына, жайылымдар мен ормандарға орасан зиян келтіреді. Табиғи апаттардың саны мен ауқымы артып келеді. Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша 50 жылдан кейін болуы тиіс климаттық өзгерістер қазірдің өзінде болып жатыр.
Болат Есекин, Су ресурстары және климаттың өзгеруі жөніндегі халықаралық сарапшы:
- Бір мезгілде құрғақшылық пен су тасқыны, ыстық пен суық болады. Мұның бәрі біздің жер шарында сақталған табиғи процестерді бұзғанымызды көрсетеді. Планетада он мыңдаған жылдар бойы орташа температура плюс 15 болды. Ал қазіргі көрсеткішті қараңыз. Бұл сан едәуір өсті. Енді әр жыл сайын орташа температура бағаны арта береді.
Климаттың өзгеруінің 30-дан астам жағымсыз салдары болады,- дейді сарапшылар. Мысалы, БҰҰ-ның бағалауы бойынша 2050 жылға қарай бидай өнімі екі есе азаюы мүмкін.
Азамат Қауазов, Әл-Фараби ҚАЗҰУ кафедра меңгерушісі:
- Ел экономикасының көптеген салалары ауа райына байланысты. Әсіресе ауыл шаруашылығы. Жоғары температура дәнді дақылдардың өніміне өте жағымсыз әсер етуі мүмкін. Маусымның басы маңызды кезең болғандықтан ылғал жетіспесе жазда жақсы өнім алу мүмкін емес.
Климаттың өзгеруі су ресурстарының күрт төмендеуіне әкеледі. Елдің ең маңызды 8 бассейнінде су тапшылығы туындауы мүмкін. Сарапшылар мәселені жан-жақты шешу қажет екенін айтып дабыл қағып отыр. Жаңа технологияларды енгізу және заңнамалық деңгейде шаралар қабылдау керек дейді. Тіпті бірқатар мемлекеттер суды үнемдеу бойынша төтенше жағдай жариялаған. Көршілес Өзбекстанда биыл сәуірде Президент Жарлығымен ресурстарды ұтымды пайдалану туралы қаулы қабылданды.
Равшан Назаров, су ресурстары бойынша сарапшы:
- 30 сәуірде Өзбекстан Республикасы Конституциясына өзгеріс енгізілді. Онда су, жер, экологиямен байланысты мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Ережелер жазылған арнайы 49-бап бар. Су ресурстарын пайдалану талаптары көрсетілген. Жаңа заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу тапшылық мәселесін шешуге көмектеседі.
2050 жылға қарай Қазақстанда температура 2-3 градусқа көтеріледі. Бұл жауын-шашын кезеңінің азаюына және аптап ыстықтың ұзақ уақыт сақталуына әкеледі. Қазірдің өзінде еліміздің басым бөлігінде термометр бағаны 30-35 градустан асады. Қазгидрометтің болжамы бойынша бұл жаз ыстық болады. Температура нормадан 1-2 градусқа жоғары.
Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/603586-klimatty-zgerui-aza-stan-a-alaj-ser-etedi
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/603586-klimatty-zgerui-aza-stan-a-alaj-ser-etedi
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через