Киберпедагогика, ҰБТ, ауыл балаларының білімі

Киберпедагогика, ҰБТ,  ауыл  балаларының  білімі

Киберпедагогика, ҰБТ,  ауыл  балаларының  білімі

Photo of Meruert Meruert Send an email

«Қала мен ауыл балаларының білімін теңестіру қажет. Алайда алыс-шалғайда тұратын оқушыларға сапалы білім қолжетімсіз. Біріншіден кадр тапшы, екіншіден интернет жоқ. Ал қосымша курстар жайлы айтудың өзі қиын. Мұндай пікірді елордалық «SABAQ ONLINE» қосымша білім беру орталығының директоры Бөгенбай Серікбай айтты.

Оның сөзінше, пандемия білім саласына түзетулер енгізді. Салдарынан, бұған дейін құлаққа түрпідей естілетін киберпедогогика дамыды. Мұғалімдер түрлі плафтормалар арқылы білім беруге көшті. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар бірлесіп сандық технологияны меңгеріп, жаңа форматта білім алуды үйренді. «Хош, қала баларарына әлгі жаңашылдық қиын болмады. Үйде интернеті де компьютері де қосулы. Ал ауыл балаларының жағдайы ше? Ауыл-аймақты аралап, балалардың жағдайымен таныссаңыз, оқушылардың деңгейі әлдеқайда төмен екенін байқауға болады» дейді Бөгенбай Серікбай.

Жаңа дәуірдің жаңашылдығына қандай баға бересіз?

«Жалпы соңғы екі жылда онлайн білімге деген көзқарас толығымен өзгергені белгілі. Пандемия әсер еткені сөзсіз. Әрине, дамыған елдермен салыстыруға келмейді. Ол жақта сандық технологияның қолжетімділігі мен интернеттің жылдамдығы әлдеқайда жолға қойылған. Ал біз де ақсап тұр. Пандемия дендегенде жаңа форматқа мұғалімдер дайын болмады. Бір сөзбен айтқанда, оларға сандық технология ыңғайсыз болды. Оқушыларға қиындық соқты. Одан бөлек, екі жылда көптеген білім плафтормалары қаптап кетті. Тек нарықта өз қызметін ұсынған онлайн мен оффлайн курстарын таңдауда жаңылмаған  дұрыс».

Ауыл балаларына сапалы білім алуына не кедергі?

«Біздің елде қала оқушыларына ақпарат әрдайым қолжетімді. Ал алыс-шалғайдағы балалардың жағдайы мәз емес. Оны айтпасақ та түсінікті. Әлемжеліде желідей ескен видеолар мен фотолар оған дәлел. Ауыл баласын да тек интернеттен емес, жалпы кадр тапшылығын айтқан жөн. Мәселен, қала оқушысына өз қызметін ұсынатын 400-500 білім беру орталығы бар. Оған қоса, тағы 2000-3000 жуық репетиторды қосуға болады. Жалпы айтқанда, оқушы өзі таңдай алады. Ал ауыл балалары мұндай мүмкіндіктен қалыс қалып отыр. Әлбетте, интернеттің тигізер септігі мол. Өкінішітісі сол, әлгі мәселе cағыздай созылып, шешілмей жатқаны қынжылтады. Оларға жағдай жасалмаған. Яғни, білімін жетілдіргісі келетін оқушы, қосымша білімді қайдан алуға болатынын білмейді. Тығырықтан шығар жол біреу – онлайн білім алу. Өйткені білім платформалары ауыл балаларына үздік мұғалімдердің лекциясын тыңдап қана қоймай, өз қателерін түзетіп, кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтсақ, бір ғана кітаппен шектелмейді, жан-жақты өзін дамытып, көкжиегін кеңейтеді».

Ал енді ҰБТ-ға тоқталсақ. Онлайн форматта дайындау қаншалықты орынды? Кітаптан қашып, телефонға телмірген уақытта жаңа формат кері әсерін тигізеді деп ойламайсыз ба?

«Бүгінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап жатқан курстар көп. Оның сапасына келетін болсақ, студенттердің мұғалім болып өткізіп жатқанның күәсі болдық. Ал біздің «SABAQ ONLINE» платформасы қала балаларынан гөрі, ауыл балаларына арналған. Оқушылар тікелей мұғаліммен онлайн байланысып, қателерін әп-сәтте түзетіп, қосымша тапсырмалар алады. Одан бөлек, мұғалім оны үнемі тексеріп, қадағалайды. Балл жинайды. Бұл – бала үшін үлкен мотивация. Сол себепті, онлайнды дұрыс бағытта қолдансақ, зиянынан пайдасы көп»

«SABAQ ONLINE» платформасының жетістіктері қандай?

«Бізге келген балалар ең әуелі тест тапсырады. Әрине ең төмен балл жинайтын оқушылар жоқ емес. Мәселен, қыркүйекте 30-40 балл жинаған оқушылар бар. Бұл дегеніңіз – ҰБТ-дан төмен балл алады дегенді білдіреді. Бірақ, жыл соңына қарай 90-100 балл жинаған түлектеріміз болды. Ата -ана өз баласына сену керек, екіншіден бізге. Сонда ғана оның жемісі болады. Былтыр біздің платформаға 120 000 оқушы кірген. Оның 70 000 тіркеліп, өзіне қажетті ақпараттарды оқып, тест тапсырып жүрді. Ал 5000 оқушы ақылы курстарды сатып алды. Оның ішінде егжей-тегжейлі бәрі түсіндірілген. Баланы қызықтыратын түрлі жаттығулар бар. Ауыл балалары үшін баға да өте ыңғайлы. Бес бірдей пәнге дайындалу үшін, небәрі 9000 теңге төлейді. Үздіксіз тапсырма орындап қана қоймай, кері байланысқа шыға алады. Оның үстіне еліміздегі кәсіби мықты ұстаздардың методикасы бойынша оқиды. Мақсатымыз – шалғайдағы оқушылармен үздік мұғалімдерді байланыстыру. Біліммен бөлісу. Әрине, біз де оңды солды мұғалімдерді таңдамаймыз. Оның біліміне, тәжірбиесіне назар аударамыз. Себебі оқушылар мұғалімнің фанаты болуы тиіс. Сонда ғана ол талпынып, құлшыныспен сабақ оқиды. Тапсырманы орындайды. Ал оффлайнның ақысы 5-6 есе қымбат екені айтпасақ та түсінікті. Сондықтан таңдау бала мен ата-анаға байланысты».

 

Өзге білім платформаларанынан ерекшеліктеріңіз қандай?

«Біздің ерекшелік – үш кезеңде оқыту. Нақтырақ айтсақ, бірінші – сабақ көреді. Екінші – тапсырма орындайды. Үшіншіден, сол тапсырма бойынша кері байланыс автоматтандырылған. Қысқасы, алдын ала қарастырылған. Баланың көкейіндегі 90-95 пайыз сұрақтың жауабы дайын тұрады. Дәл осы ерекшеліктің арқасында, түлектеріміздің орташа жинаған баллы – 112 құрайды. Атап айтқанда, республика бойынша көреткіштен екі есе жоғары деп айтуға болады»