Спорт

Бөлісу

«Канело» қазақстандық болашақ әлем чемпиондарының атын атады

«Канело» қазақстандық болашақ әлем чемпиондарының атын атады

Танымал мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес болашақта Қазақстаннан шығатын әлем чемпиондарының есімдерін атады.

«Қазақстан! Евгений, Әбілхан және Бек болашақ әлем чемпиондары!» – деді Канело көлігінің терезесінен сөйлеп, артынша боксшылармен қол алысты.

Бұл видеоны Suleimen Promotion промоутерлік компаниясы жариялады. Ол Евгений Павлов, Әбілхан Аманқұл және Бек Нұрмағанбет туралы айтты. Қазан айында Евгений Павлов мексикалық Хесус Гомес Кинтананы жеңіп, рекордын 8 жеңіске жеткізді. Әбілхан Аманқұл екінші жекпе-жегін 22 қазан күні мексикалық Йеассон Пачеко Сервантеспен өткізеді. Бек Нұрмағанбет осы жылдың маусым айында Кейнел Уиллерді жеңіп, кәсіби рингтегі жетінші жеңісіне қол жеткізді.

 

Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: inbusiness.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через