"Ішімдік ішкен жұмысшылар салуы мүмкін": Әлеуметік желіде жолдағы қисық сызылған жолақтар қызу талқыға түсті (видео)

"Ішімдік ішкен жұмысшылар салуы мүмкін": Әлеуметік желіде жолдағы қисық сызылған жолақтар қызу талқыға түсті (видео)

     Атырау облысында жолдың қисық сызылған жолағы жұртты әбден күлкіге батырды. Тұрғындар бұл жол белгісін "ішімдік ішкен жұмысшылар салуы мүмкін".

     Әлеуметтік желіде тараған видео Құрманғазы ауданында түсіріліпті. Бейнежазбада жаңа жолдағы жолақтың қисық сызылғаны байқалады. Тіпті кей жерлерінде жолдың ортасына емес, жиегіне түсірілген. Тағы бір аумақтарға жолақ мүлдем жүргізілмеген.

     Мұндай олқылықты көрген желі қолданушылары "әкімді жұмыстан босату керек" деп жатыр. Алайда әкімдіктегілер жаңадан құрылып жатқан Шипажай елді мекеніне апаратын жолдың құрылысы әлі аяқталмағанын айтады. Соған қарамастан қисық жолақтарды жуық арада өшіреміз дейді.

     “Жолақтарды кім сызғаны белгісіз. Бұл мердігердің немесе тапсырыс берушінің тарапынан болған жағдай емес. Бұл арнайы жолақ сызатын құрылғыны тексеру мақсатында, сол жолдың бойына сызып көрген деген болжам бар. Нақты қазір анықталып жатыр”, – деді Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Нұралы Әбишан. 

     Stan.kz