фото: kapital.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда интернет сапасының нашарлайтыны алдын ала неге ескертілмейтінін айтты.
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Бағдат Мусиннен соңғы уақытта интернеттің жиі нашарлайтыны және неліктен ол туралы алдын ала абоненттерге ескерілмейтіні туралы сұрады.
"Қазақтелеком" – жеке ұйым. Біз –реттеуші органбыз. Менің де "Қазақтелекомға" қатысты наразылығым болды. Сондықтан интернет сапасы бойынша қазіргі жағдайды алып қарасақ, заңнамалық түзетулер енгізуіміз керек шығар. Операторларды 5 минуттан артық істен шыққан жағдайда БАҚ арқылы хабарлауын міндеттейміз. Бұны бірге істейік, мен – дайынмын", - деп жауап берді ведомство басшысы.
Сондай-ақ Бағдат Мусин интернет операторларына жыл соңына дейін 4 млрд теңге айыппұл салуға уәде берді.
"Айыппұлдар өте төмен болған кезде (операторлар – ред.) одан қорықпайтын. 2020 жылы біз 100 млн теңгеге дейін ғана айыппұл жазып бергенбіз. Ал биыл жарты жылдың өзінде 1,5 млрд теңгенің айыппұлын жаздық. Жыл аяғына дейін 4 млрд теңгедей анық болады, мен уәде беремін. Бұл – олардың қалтасына айтарлықтай салмақ. Сондықтан олар ойланып, белгілі бір нақты шаралар ұсына бастады", - деді Бағдат Мусин.
Оның пайымынша, министрлік айыппұлды көтерген соң операторлар да тарифті көтерді деген түсінік – жаңсақ.
"Тарифті біржақты тәртіппен көтеру мәселесі тұрған жоқ. Мәселе инвестицияның бар-жоғында. Айыппұлды көтеріп едік, олар сапаны көтеру керектігін түсінді", - деді министр.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через