Имбирь артерияларды тазартып, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.
Ел арасында COVID-19 вирусын имбирь жоя алады деген қауесет тараған-ды. Имбирь коронавирусты жеңбесе де, халықтық емде иммунитетті жақсарту мен өзге де аурулардың алдын алу үшін жиі қолданылады.
Сонымен имбирьдің кеңінен тараған мынадай емдік қасиеттері бар:
1. Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын-алу.
Имбирь артерияларды тазартып, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді.
2. Суық тию мен вирустық аурулардың алдын алу, емдеу.
Бал қосылған имбирь шайы суық тиюдің алдын алып, тұмауды жеңуге көмектеседі. Сондай-ақ, имбирь тамыры иммунитетті арттырады.
3. Асқазан-ішек жолдарының аурулары.
Ұнтақ немесе тұнба түрінде имбирь дизентерия, гастрит, ішек ауруын емдейді. Сондай-ақ, тамыры гельминттерден арылуға көмектеседі.
4. Имбирь тісті нығайтады.
Имбирьді шикідей жеп сіз тыныс алуды жақсартып қана қоймай, стоматологиялық аурулардың да алдын аласыз.
5. Буын ауруларын жазады.
Үгітілген имбирьді компресс түрінде артрит үшін қолданады. Тірек-қимыл аппаратының ауруларының алдын алу үшін күніне кемінде 60 г имбирь тамырын жеу керек.
6. Қатерлі ісік жасушаларын қайтару.
Имбирь тамырының ерекше қасиеттерінің бірі – қатерлі ісік ауруының алдын алу мен емдеу.
Бірақ оның зиян қасиеттерін де ұмытпаңыз: имбирьді аллергияға, өттегі тасқа, бауыр циррозына қарсы, сондай-ақ қанды тоқтату үшін қолдануға болмайды. Мамандар асқазанында қышқылы көп, гастриті, созылмалы аурулары бар адамдарға тым көп пайдаланбауға кеңес береді.
«Адырна» ұлттық орталы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через