фото: rbc.ru
Егер туу деңгейі төмендей беретін болса адамзат жойылып кетуі мүмкін. Америкалық кәсіпкер Илон Маск Италиядағы саяси фестивальде осылай деді.
Масктың айтуынша,, туу көрсеткіші халық санын кем дегенде бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткілікті болуы керек, әйтпесе адамдар бірнеше ұрпақтан кейін жойылып кетеді.
Егер адамдардың балалары болмаса, жаңа ұрпақ болмайды. Мен адамзат өркениетінің кеңеюін, жарқын және қызықты болашақты құруды жақтаймын. Бірақ адамзат өркениетінің үздіксіз дамуына негізгі фактор ол - адамдардың болуы... Мен жыл сайын туу көрсеткішіне қараймын, алайда көңілді күйзелтеді. Өйткені туу көрсеткіші жыл сайын азайып келеді, - дейді Spacex компаниясының басшысы.
Ол мәселеге қатысты үкімет басшыларына және жалпы халыққа кеңес берді.
Балалы болуды жеңілдету, балаларға көбірек қолдау көрсету үшін жаңа ұрпақты құруға көмектесетін кез келген қолдауды енгізу ақылды қадам болады деп ойлаймын , - деді Маск.
Сондай-ақ Маск халықты толықтыру үшін шетелдік мигранттарға тәуелді болмау керегін айтады. Өйткені бұл мәселенің шешімі емес.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через