Спорт

Бөлісу

Головкин мен «Канело» үшінші жекпе-жек алдында көз арбасты

  Головкин мен «Канело» үшінші жекпе-жек алдында көз арбасты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) бетпе-бет қайта кездесті.

Боксшылар үшінші айқасқа бірнеше күн қалғанда MGM Grand ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылған «қарсы алу салтанатына» қатысты.

Головкин мен Альварестің үшінші айқасы 18 қыркүйек күні таңертең T-Mobile Arena-да өтеді. Дәл сол жерде 2017 және 2018 жылдары қос боксшының бірінші және екінші айқастары өткен болатын. Бірінші жекпе-жек төрешілердің әртүрлі пікірімен тең аяқталса, рематчта жеңіс көпшілік дауыспен мексикалық боксшыға берілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат. Фото: meta-ratings.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через