Головкин - Канело жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

Головкин - Канело жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтетін болды, - деп хабарлайды Vesti.kz 

Бұл туралы бокс кешін өткізуге жауапты Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.

Еске салайық, екі мықты арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйекке жоспарланған. Осыған дейінгі екі кездесу де дәл осы аренада өткен болатын. Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.

Фото: holanews.kz