Спорт

Бөлісу

Головкин - Канело үшінші жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды

  Головкин - Канело үшінші жекпе-жегінің басталатын уақыты белгілі болды

Сауль Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады.

 WBA (Super), WBC, IBF және WBO супер орта салмақтағы белбеулері бәске тігіледі. Тікелей трансляция DAZN ақылы стриминг сервисі арқылы көрсетіледі.

Жекпе-жектің Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ.

Головкиннің барлық соңғы жекпе-жектері Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көрсетілді.

Осы дәстүр жалғасын табуы әбден мүмкін.

 Бұл - қазақстандық пен мексикалық арасындағы үшінші жекпе-жек болмақ. Біріншісінде тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті «Канелоға» берген болатын, деп хабарлайды Sports.kz.

фото: kaz.vesti.kztengrinews.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через