Америкалық жүрек, қан-тамырлар қауымдастығының ғалымдары жүрек ауруларының пайда болуының басты себебі ағзада натрийдің көп, ал каллийдің аз болуына тікелей байланысты екенін анықтады.
Дәрігерлер орташа жасы 50-дегі ерлер мен әйелдерден құралған он мың адамның зәріне сараптама жүргізеді. Талдау нәтижелері көрсеткендей, жүрек ауруларының басты себебі 571 адамның ағзасындағы натрийдің жоғарғы көрсеткіші мен калий мөлшерінің төмендігі екенін анықтаған.
“Күнделікті тұтынатын тағамдарда тұз мөлшерін көп пайдалану зиян. Ащы тағамдар жүрек ауруының пайда болу қаупін 18 пайызға арттырады”, – деді осы тәжірибеге қатысқан Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғылыми қызметкері Юань Ма.
Мамандар енді натрийдің күнделікті дозасын анықтап отыру үшін тұздардың мөлшерін нақты көрсететін сараптама жасауды жоспарлап отыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через