Ғалымдар ыдыс-аяқты дұрыс жумау қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады

Ғалымдар ыдыс-аяқты дұрыс жумау қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін анықтады

               Қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайту үшін мамандар күнделікті өмірде ыдыс жуу сияқты елеусіз болып көрінетін қарапайым осындай мысалдарға мұқият болуға кеңес береді.

               Қытайлық сарапшылар ыдыс-аяқты дұрыс жумаудағы үш қателік қатерлі ісік тудыруы мүмкін деген қорытындыға келді.

                Мамандардың айтуынша, қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал ететін ыдыс жууда үш қателік бар. Соның біріншісі - сапасыз жуғыш заттарды қолдану.

                "Кейбір өндірушілер қауіпсіздік талаптарын сақтамай, ақшаны үнемдеуге тырысады. Осыған байланысты олар жуғыш зат ұзақ сақталуы үшін формальдегидті консервант ретінде қолдануға барады. Формальдегид адам ағзасына, әсіресе теріге соның ішінде шырышты қабаттарға зиян. Формальдегидті ұзақ уақыт қолдану созылмалы респираторлық аурулардың көбеюіне әкелуі мүмкін", - дейді мамандар.

                  Екінші қателік - дымқыл ыдыс-аяқтарды кептірмей шкафқа салу. Мамандардың айтуынша, зиянды бактериялар ылғалды ыдыстарда өмір сүреді және ол көп мөлшерде токсиндер шығарады. Ылғалды ыдыс-аяқ бактериялар үшін жақсы көбею алаңы болып табылады. Сондықтан, ыдыс-аяқты шкафқа қоймас бұрын, оларды толығымен кептіру керек. Бұл әсіресе ағаш ыдыстар мен кесу тақталарына қатысты.

                 Сарапшылар үшінші қателікті ыдыс-аяқты бірден жумай, раковинаға қалдыру немесе ұзақ уақыт суға салу әдетімен байланыстырды. Ылғалды орта тұрмыстық ыдыстарды жуу кезінде жойылмайтын бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

                 Қатерлі ісік ауруының даму қаупін азайту үшін мамандар күнделікті өмірде ыдыс жуу сияқты елеусіз болып көрінетін қарапайым осындай мысалдарға мұқият болуға кеңес береді.