Италияның ұлттық денсаулық сақтау институтының зерттеушілері бірқатар ауруларға шалдыққан егде жастағы адамдар COVID-19-ға қарсы вакцинадан көз жұмуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Reuters порталы.
Зерттеушілер 2021 жылдың 1 ақпанынан 5 қазанына дейін италиялықтардың коронавирустан көз жұмғаны туралы деректерді талдаған. Осы кезеңде 38 мың адамның өмірін ауру жалмаған. Оның 33,6 мыңы екпе алмаса, 2 130 адам вакцинаның бірінші дозасын салдырған немесе вакцинациядан кейін көп ұзамай, ауру жұқтырған, ал 1 440 адам толық екпе алған.
Вакцинацияланғандардың арасында көз жұмғандардың орташа жасы 85-ті құрапты. Олар – көбіне беске жуық созылмалы ауруға, атап айтсақ, жүрек ауруы, қатерлі ісік және деменцияға шалдыққандар. Коронавирустан көз жұмған, екпе салдырмағандардың орташа жасы 78-ді құраған.
Осылайша, COVID-19-дан көз жұму қауіпі созылмалы аурулары бар өте егде жастағы адамдардың арасында жоғары. Дегенмен вакцина салдырған кәрі адамдар егілмегендерге қарағанда аурудан жиі аман қалады, дейді ғалымдар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через