Ғалымдар құрғақ жерлерді өңдеуге арналған жаңа технология ойлап тапты

Ғалымдар  құрғақ  жерлерді  өңдеуге  арналған  жаңа технология  ойлап  тапты

 Ғалымдар  құрғақ  жерлерді  өңдеуге  арналған  жаңа технология  ойлап  тапты

Қуаң далада ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру оңай емес. Алайда қазақстандық агрономдар осы мәселені ойдағыдай шешіп келеді.

Қазіргі уақытта егістікті суару жүйелері қымбат тұрады. Ал су ресурстарын көп мөлшерде пайдаланса, қоймалар тартылады. Арал проблемасы да содан басталған.

Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" орталығы Қазақстан мен Германия ғалымдарымен бірлесе отырып, құрғақ жерлерді өңдеуге арналған технологияны ойлап тапты. КULUNDA мен ReKKS жобалары аясында қолға алынған жұмыс ресурсты үнемдеуге көмектеседі. Авторлардың айтуынша, жаңа технология ауыл шаруашылығын дамытуға мен экологияны сақтауға мүмкіндік береді.

"Ресурсты үнемдеу – қазіргі қоғам үшін маңызды тренд. Жаңа технологиялар ылғалды  сақтайды. Жерді суарудың қажеті жоқ. Зерттеу шаралары аясында біз Ресей жерінде (Алтай өңірі) және Қазақстанда (Павлодар, Ақмола мен Қостанай облыстары) агрометеорологиялық стационарларды орнаттық. Ал жердің астында арнайы датчиктер бар. Соның көмегімен температура мен ылғалдылық өлшеніп тұрады", - деді экономикалық география мен картография кафедрасының доценті Андрей Бондарович. Оның айтуынша, барлық мәлімет онлайн режимде станцияларға түседі. Ал өсімдіктердің жағдайына қарап, ішкі су ресурстарының мөлшерін бақылауға болады.

Талдаудың нәтижесі суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Кейбір жағдайда топырақты сәл өңдеу керек. Сонда ылғал қажетті тереңдікке барып, өсімдіктерге бірқалыпты таралады.

"Біз су үнемдеу технологиясын ойлап таптық. Соның арқасында атмосфералық жауын-шашынды тиімді пайдаланып, топырақты эрозиядан қорғауға болады. Басқа да шаралар бар. Осы технологияның бір ерекшелігі сол, ауыл шаруашылығы дақылдарын тікелей сеуіп, көктемде топырақтағы ылғалды тиімді пайдалануға болады", - деді Бараев атындағы ғылыми-өндірістің орталықтың бас ғылыми қызметкері Қанат Ашқалов.

Барлық мәлімет онлайн режимде станцияларға түседі

Ғалымның сөзіне қарағанда, зерттеудің нәтижесінде арнайы агротехникалық шаралар әзірленеді. Соның көмегімен жаңбыр, қар және жердің ылғалдылығын дұрыс пайдалануға болады.

 

"Біз мұны "дәлме-дәл егіншілік" деп атаймыз. Фермер біздің зерттеулерімізді қолданып, егістік алқабында дұрыс технологиялық шешімдер қабылдай алады. Ол топырықта қанша ылғал бар екенін, оның қалай таралатынын және тағы басқа көрсеткіштерді біліп отырады. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің дұрыс технологиясын таңдайды. Арам шөп пен зиянкестердің қай кезде шығатынын да болжап отыруға мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Ашқалов.

Зерттеу жұмыстары Париж келісіміне де сай келеді. Оған сәйкес, атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газды барынша азайту қажет. Ол үшін агроөнеркәсіп кешінін де жаңғыртқан жөн.

"Үлкен Алтайдың түркі-моңғол әлемі" аясындағы зерттеу Қазақстан жерінде алғаш рет өткізілді. Негізгі мақсат – түркі, алтай және славян халықтарының ортақ тарихын зерттеу негізінде ғалымдарды біріктіру.

 

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы