Ғалымдар әлемде қатерлі ісік дерті жастар арасында жиілегенін айтып дабыл қақты

Ғалымдар әлемде қатерлі ісік дерті жастар арасында жиілегенін айтып дабыл қақты
фото: dreamstime.com

       Соңғы 20 жылда әлемде жастар арасында қатерлі ісік жиі анықтала бастаған. 

       Мамандардың айтуынша, қатерлі ісік 50 жасқа дейінгілер арасында жиі анықтала бастаған екен. АҚШ-та 2000 және 2019 жылдар арасындағы бұл көрсеткіш 12,8%-ға артыпты. Дәл осындай тенденция Аустралия мен Батыс Еуропа елдерінде байқалып отыр. 

       АҚШ-тағы Мемориал Слоан Кеттеринг онкологиялық орталығының маманы Андреа Черчектің пайымдауынша, қатерлі ісік анықталғна науқастардың орташа жасының азаюы қоршаған ортадағы өзгерістер, тамақтар мен дәрі-дәрмекке байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар дәрігер бұл факторлар әлемде қалыптасқан жағдайды толық түсіндіре алмайтынын атап өтті. 

       Андерсон онкологиялық орталығының колоректальді ісік бойынша хирургі Нэнси Ю нақты диагноз қойылмайынша науқастардың денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмайды екен.

       Stan.kz