Футболдан UEFA Ұлттар лигасы төртінші турында Қазақстан өз алаңында Словакияны қабылдайды.
Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Турнир кестесінде Қазақстан құрамасы жеті ұпаймен көш басында тұрса, алты ұпай еншілеген Словакия екінші орында келеді.
Қазақстандық футболшылар Әзербайжанды 2:0, Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Беларусьпен 1:1 есебімен тең түсті.
Кездесуде бельгиялық Брамом ван Дриске бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Ромен Девийерс пен Кевин Монтени көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де бельгиялық Жонатан Лардо. Сондай-ақ, төрешінің видео жөнінен көмекшісі нидерландылық Ингмар Оустром.
«Футболда жеңіспен қатар, жеңіліс те болады. Ең бастысы, командадағы футболшылар жүрекпен ойнауы қажет. Қарсыласты да құрметтей білуіміз керек. Егер осы қолымыздан келсе, Қазақстан құрамасының деңгейі айтарлықтай жоғарылайды», - деді команданың бас бапкері Магомед Адиев.
Айта кетсек, қазақстандық футболшылар С лигасы үшінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Беларусь, Әзербайжан мен Словакия.
Фото: metaratings.ru, golpas.cafe
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через