Фотография саласында қазақ тілінде кітаптар жарық көрді

Фотография саласында қазақ тілінде кітаптар жарық көрді

       Оқырманға жол тартқан «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы»  жинағында сонау адамның ең әуелі дыбыстық тілі емес, образ­бен ойлайтын графикалық бейнелі тілі, яғни сурет тілі шыққаны, одан фотографияның пайда болуы, фотоөнерінің әлемдік және отандық да­муы мен ұлттық фотоөнер тұлғаларының мақала-сұхбаттары және бүгінгі жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы қорғалған магистрлік дис­сертация, бакалавр дипломдық жұмыстары және колледж студенттерінің дипломдық жобалары еніп отыр. Авторлар жан-жақты зерттеулер мен ғалымдардың тұжырымдамаларын топтастыру арқылы талдаудан өткізіп, тереңдей байыптауға тырысады.

       Аталмыш еңбек, фотография саласы бойынша түңғыш мемлекеттік тілде жарық көріп отырған жалпы-жинақ, жалпы фотоөнерге қызығушылық білдіретін қалың оқырман қауымға арналған. Еңбекті журналистика факультетінің аға оқытушысы Асылхан Әбдірайымұлы мен философия және саясаттану факультетінің аға оқытушысы Досжан Балабекұлы бірлесіп әзірлеген.

       Сонымен қатар осы күні қазақ фотожурналистикасында алғаш рет Асылхан Әбдірайымұлының авторлығымен «Фотожурналист анықтамылығы» оқу анықтамалық сөздігінің тұсауы да кесілді. Бұл анықтамалық фотожурналистерге арналған практи­калық нұсқаулық. Мұндағы тақырыптар белгілі бір жүйе бой­ынша түзілген, фотография туралы анықтама мәліметтерді, оның негізгі қағидаттары мен әдістерін қамтиды, фотопублицистиканың БАҚ-тағы жұмыс технологиясына баса назар аударады. Сонымен қатар бұл анықтамалықта отандық және әлемдік фотожурналистика туралы маңызды мәліметтері кел­тірілген.