Италияда жиі саяхаттайтын тревел-блогер жергілікті тұрғындардың неліктен үйде аяқ киім шешпейтінін білді. Қазақстан халқы үшін түсініксіз әдет туралы саяхатшы "Дзен" платформасында "Лайк Тревел Путешествия" жеке блогында жазды.
Қыз бала өзі сұхбаттасқан жергілікті тұрғынның айтуынша, бұл дәстүрдің көпғасырлық тарихы бар.
Бірінші себебі: Еуропаның таулы аймағында үйдің едені тастан жасалатын болған, сол себепті жылы аяқ киіммен жүру ыңғайлы болған. Бұл әдет қазіргі заманға дейін жетіп, заманауи еупропалықтарға сіңіп кеткен.
Екінші себебі: италиялықтардың әлемдік сән саласының негізін қалаушы ретінде айқындау мақсатында қалыптасқан.
"Сұлулық құрбандықты қажет етеді! Италияда әрдайым кез келген жерде сымбатты әрі сәнді болып жүру керек. Ойлап көріңізші, әрбір үй костюміне аяқ киім таңдайтын болсақ? Әрбір пижамаға лайықты аяқ киім кию керек болады", - деп мысқылдайды блогердің танысы.
Үшінші себебі: еуропалық көшелердің тазалығы. Кәрі құрлықтың көптеген тұрғыны көшеге киген аяқ киімін үйде де кие беруінің себебі де осы тазалық. Бірнеше сағат бойы серуендеп үйге келген кезде сіздің кроссовкаңыз әлі де "су жаңа" боп тұрады екен.
Дереккөз Tengrinews.kz. Фото: pulse.mail.ru, stroyko34.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через