Еуропада 16-19 ғасырларда Қазақ елі мен қазақты қалай атады

Еуропада 16-19 ғасырларда Қазақ елі мен қазақты қалай атады

Еуропада 16-19 ғасырларда Қазақ елі мен қазақты қалай атады

XVI-XIX ғасырдың танымал еуропалық картографтары әзірлеген 130 карта басылымға хронологиялық тәртіпте енгізілген.

Бельгия астанасында қазақтың белгілі ғалымы, профессор Мұхит Сыдықназаровтың жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Оның айтуынша, ескі карталардағы Қазақстанның атауы орфография мен фонетика жағынан өзгеше болғанымен, бірнеше ғасыр өтсе де оны нақты тануға болады.

"Тарих толқынындағы Қазақстанның үздіксіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропа және Америка карталарындағы Қазақ мемлекеті" деп аталатын басылым Қазақстанның аумағы көрсетілген ескі карталарды қамтиды. Бұл салтанатты шара Тәуелсіздік күніне орайластырылды.

Ескі карталар енген кітап

Ғалым кітапты дайындау барысында Принстон мен Стэнфорд, АҚШ Конгресінің кітапханасы және тағы басқа беделді әлемдік ғылыми және университет орталықтарымен бірлесіп жұмыс істеген.

Мұхит Сыдықназаровтың пікірінше, географ-ғалымдардың, картографтардың, саяхатшылардың, көпестердің, дипломаттардың карталарында Қазақ мемлекетінің саяси атаулары, кратонимдері әртүрлі. Сондықтан олар көбінесе фонетикаға, орфография нормаларына және тілдің орфоэпиясына байланысты болған. Бірақ олардың барлығына ортақ бір нәрсе болған: Еуразияның кең аумақтарындағы ауқымды этномемлекеттік, этномәдени, әскери-саяси процестерге қарамастан, Қазақ мемлекетінің атаулары тұрақты.

Кітапты сипаттай келе автор Қазақ мемлекетінің Qazaq, "Қазақ" автократонимін, автоэтнонимін және автополитонимін – Еуропа тілдеріндегі XV-XIX ғасырда жасалған карталарда Pays De Kassaks, Land der Kirgis Kaisaken, Independent Tartary, Independent Tartars, Tartarie Independante, Cassachi, Cassakia, Cassaqy, Cassak, Cassaky, Caßakia, Chalzag Stati del Tartaro, Cazalgites, Chalzag, Chazalgites, Cosaques Errans, Kassakia, Kalzag, Kasakia, Kasaсia, Kassacia, Kasatsha, Kasacha, Kassaki Tartari, Kaski Tartari, Kasakki, Kasaki, Kassaki, Kasakhi, Kayissaks, Kaizaken, Kazak, Kaissaken, Kaisaks, Khasaks, Kasatsia, Kazatschia, Kazaschia, Kasake, Kasakhe, Kassakia Horda, Kassacia Horda, Kirghiz, Kirghiz Khasaks, Khirghiz Kaizak және басқа да экзоэтнонимдер, экзополитонимдер және экзократонимдер түрінде кездестіруге болатынын атап өтті.

Сыдықназаров көптеген картада Қазақ мемлекеті екі рет белгіленген және бұл картографияның еуропалық қалыбына тән екенін айтты. Себебі еуропалық ғалымдар, географтар, картографтар, баспагерлер карталарды ең алдымен еуропалық оқырмандар, саяхатшылар, түрлі ұлт тілінде оқи алатын зерттеушілер үшін дайындаған.

"Сыдықназаров Қазақ мемлекеті белгіленген әлемдік коллекциялардағы (еуропалық, америкалық, шығыс) картографиялық материалдарды көп жыл бойы зерттеген. Кітапта автордың сипаттамасы және пікірі қоса көрсетілген 130 карта хронологиялық тәртіппен, толық шығу деректері және техникалық параметрлерімен ұсынылған", - деп жазылған Қазақстан сыртқы істер министрлігінің сайтында.

Қазақстан елшілігінің қолдауымен бұл кітап Бельгия корольдігі кітапханасының тізімінде тіркелді.

Мәтіндегі ақпарат туралы