Ер адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы көбейген

Ер адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы  көбейген

Ер адамдардың өз-өзіне қол жұмсауы  көбейген

2021 жылы 800-ден астам қазақстандық өз-өзіне қол жұмсаған. Олардың басым бөлігі ер азаматтар.  Өз-өзіне қол жұмсауды шешкен ер адамдардың көпшілігі 35 пен 44 жас аралығындағылар. Әйелдер арасында суицид 45-тен 54  жас  аралығында  орын  алған.  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есебінде 2021 жылдың үш айында болған Қазақстандағы суицидтердің және өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің саны туралы деректер ұсынылған.

Ресми деректерге сәйкес, үш ай ішінде 834 қазақстандық өзіне-өзі қол жұмсады. Олардың ішінде ер адамдар – 659 адам немесе жалпы суицидтің 79%. Олардың орташа жасы 35-тен 44 жасқа дейін.

Адамдар мұндай қадамға шарасыз  күйге  түскенде немесе мас күйінде барады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 29 қазақстандық жалғыздықтан өзіне-өзі қол жұмсау туралы шешім қабылдады, дәл осындай адам – ауыр материалдық  жағдайға  байланысты суицидке барған.

Сонымен қатар, статистика өз-өзіне қол жұмсауды қолайсыз өмір сүру жағдайлары, туыстарымен жанжал, жұбайымен жанжал, отбасылық қатынастардың бұзылуы, ауыр соматикалық аурулар, жақын адамның қайтыс болуы, әлеуметтік мәртебенің жоғалуы (бедел), жазадан қорқу, ұят (қылмыстық  жауапкершілік) сияқты факторлармен байланыстырады.