фото: Мұхтар Әуезов театры
2023 жылдың 6 қыркүйегінде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 98-маусымын М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» қойылымымен ашып, Қала күніне арналған «Сүйікті Алматыма театрдан сәлем!» атты мәдени шара өткізеді.
Қазақ кәсіби театрының шымылдығын алғаш ашқан бұл туынды театрымызда бірнеше рет қойылған. Жаңа қойылым оқиғаларының негізгі желісі де Еңлік пен Кебектің махаббаты аясында өрбиді. Бұл от сезім екі жастың бақытына емес, қасіретке бастайды. Өйткені ұлттық құндылықтарға, халық бүгіні мен болашағы үшін күре жол – Дала заңына кереғар. Сонда жалқы мен жалпының үйлесімі қайтсе табылады?..
Жаңа маусымның ашылуы күні өтетін шаралар:
• Сағат 17.30-да Қала күніне арналған * «Сүйікті Алматыма театрдан сәлем!»* атты концерттік бағдарлама (театр ғимаратының алдыңғы фасады) және Театр тарихынан сыр шертетін «Театр тарихы» көрмесі (2-қабатта);
• Сағат 18.30-да көрермен назарына * «Еңлік-Кебек»* спектаклі ұсынылады.
Байланыс телефоны:
тел: +7 778 312 84 64
Динара Дәулетқызы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через