Инновация және гаджеттер

Енді iPhone Қазақстаннан келген қоңырауларды анықтай алады

  Енді iPhone Қазақстаннан келген қоңырауларды анықтай алады

       Енді iPhone маркалы телефондарда "+77" және "+76" халықаралық кодтардан түсетін қоңырауларда  "Қазақстан" жазуы көрсетіліп тұрады.

       Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында айтты. 

       "Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік: енді "+77" және "+76" халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар "Қазақстан" деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді", –  деді министр. 

       Министр бұл мәселе iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдарда шешілгенін атап өтті. 

       Айта кетсек, бұрын Apple құрылғыларында "+7" деп басталатын барлық қоңыраулар "Ресей" деген жазумен шығатын еді. 

       Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның телефон коды +7-ден +997-ге өзгеретіні хабарланған еді. Жоспар бойынша 2023 жылдың қаңтарыннда көшу жоспарланған. 

       Сонымен қатар, жоба іске асқан сәттен бастап жаңа және ескі кодтар екі жыл ішінде қатар қолданыла алады. 2025 жылдан бастап толық көшу жүзеге асырылады. 

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру