фото: 9111.ru
Бір адамның бірнеше банктен несие алу мүмкіндігі болмайды. Мәжілістің жалпы отырысында сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселесіне қатысты заң жобасы қабылданды.
Осы орайда интернет-алаяқтыққа байланысты тәуекелдерді төмендету және қарыз алушылардың борыштық жүктемесінің деңгейін бақылау мақсатында кредиттік бюроларға ақпаратты ұсыну мерзімдерін қарызға байланысты базалық мәліметтер бойынша 15 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген.
Бүгінгі таңда несие алу саласында алаяқтық белең алған. Бұған мынадай фактілер ықпалдасып отыр. Әрбір қаржылық ұйым немесе екінші деңгейдегі банктер берілген несиелер туралы кредиттік бюроға жолдайды, онда берілген несиелердің базасы 15 күннің ішінде қалыптасады. Енді жаңа түзетулерге сәйкес, несие беру ақпараты бір күннің ішінде тіркеледі. Бұдан былай бір-екі күн ішінде 5-6 банкте бір мезгілде несие алуға тырысқан адамдарда мұндай мүмкіндік болмайды. Себебі кредиттік бюрода бұл адамның бір банкте несие алғаны туралы мәлімет тіркеліп тұрады. Сәйкесінше, оның қарыз жүктемесі есептеледі», - мәжілісмендер жергілікті ақпарат көздеріне берген сұхбатта.
Жоба қабылданса, несие алған адамның қарыз жүктемесін ескере отырып, басқа банк кредиттік бюро базасы арқылы бұл мәліметтерді көріп тұрады. Екінші банк қайтадан несие алуға келген адамның мүмкіндігін қарап, оның табысы несиені өтеуге жетпейтінін көріп, оның өтінішін мақұлдамайды. Сонымен қатар, бұл қадамдар интернет-алаяқтыққа да тосқауыл қояды.
Фотосурет 9111.ru сайтынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через