Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бизнес өкілдерін КВИ-дің таралмауына жол бермес үшін талаптарды орындауға шақырды.
Министр шілде айында елімізде эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы қайта қаралғанын айта келе, аймақтар бойынша шектеу шараларыда қайта қаралғанын және оны Ведомствоаралық комиссия мақұлдағанын еске салды.
«Жасыл» және «сары» аймақтарда шектеу шаралары бизнес объектілерінің қызметін шектемей, инфекция көзін оқшаулауға бағытталған. Яғни нясандарда санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті күшейтуге, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте медициналық масканы қолдануға кеңес берілген». Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Шектеу шараларын енгізу бизнестің және халықтың профилактикалық шараларды ұстану жағдайына байланысты болады.
«Алайда, «сары» аймақтағы Нұр-Сұлтан қаласында үй-жайларда көп адам қатысатын көпшілік іс-шаралар жүргізіледі және медициналық маска тағу әрі әлеуметтік қашықтық талаптары сақталмайды. Бұл елордада инфекцияның одан әрі таралуына алып келіп отыр. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және бизнестің шектеусіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нысандарда санитарлық-дезинфекция режимін сақтауды, сондай-ақ халықтың қызметтер алу кезіндегі қауіпсіздігіне назар аударуды тағы да еске саламыз». Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «қызыл» аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне байланысты екі кезеңмен қабылданады.
Дереккөз Қазақпарат. Фото lifeinsurance.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через