Жаңа оқу жылынан бастап елордалық оқушылар қара-көк түсті мектеп формасын киеді. Оқушының қай мектепте оқитынына қарамастан, барлығына бірыңғай түс кию міндеттелген.
Қалалық Білім басқармасы пәтер жалдайтын астаналықтардың қалтасына салмақ түспесе дейді. Өйткені пәтерден-пәтерге көшіп-қонатын оқушылар мектепті де жиі ауыстыруға мәжбүр.
Осыған дейін де астаналық оқушылар қою көк түсті киім киген. Тек кей мектептердің өзіндік ерекшеліктері болған еді. Енді барлығына бірдей талап қойылып отыр. Ең бастысы мектеп киімі классикалық үлгіде тігіуі тиіс. Қыздар әдеттегідей белдемше, сарафан, жігіттер қою көк түсті бешпет-шалбар кие алады. Одан бөлек әдеттегідей қалалық Білім басқармасы күзде әлеуметтік жағдайы төмен, жетім немесе ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға 40 мың теңге материалдық көмек көрсетпек. Қазір Нұр-Сұлтанда осындай көмек қажет ететін 16 мың оқушы бар екен. Ләззат Орынбасарова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы.
Бір жағынан атааналардың есебін жеңілдету үшін. Себебі қазір білесіздер, басқа қаладан келген отбасылар бар. Олар пәтер жалдап тұрады. Жиі ауыстырып тұрады. Сонда ата-аналарға көп күш түспес үшін осындай барлық қала бойынша бір киімді таңдап отырмыз. Сондықтан басқа мектепке барса да, өздері сол киіммен жүріп-тұрып кете беретін болды.
дереккөз ktk.kz. фото. tobolinfo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через