фото: maqat-tynysy.kz
Бүгінгі таңда Қазақстандағы денсаулықсақтау саласының жай-күйі қандай? Ауыз толтырып айтатындай жайттар бар. Мысалы, көптеген мемлекеттік емдеу мекемелері бюджет және демеушілік көмек арқылы қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталып жатыр. Бірқатар емдеу мекемелері соңғы үлгідегі томографтармен, ультра дыбысты зерттеу, аритмологиялық ауруларды жоғары деңгейде анықтауға мүмкіндік ЭФИ зертхана, басқа да жабдықтармен қамтылды. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу, тиімді емдеу технологияларының түрлерін енгізу үнемі жүргізіліп жатыр.
Алайда қанша жағдай жасалғанымен көптің көңілі толмайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларға демалыс және мереке күндері қарала алмайсың. Маман тапшылығы да сезіледі. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жәйі де мәз емес. Жедел жәрдем уақытында келмейді. БАҚ жарияланғандай, профилактикалық жұмыстардың, оның ішінде балаларды алдын алу тексерулерден өткізуінің, скринингтік зерттеулермен қамтылуының нашар екені анықталды.
Бүгінгі таңда денсаулықсақтау саласына реформалар керек. «Өзекті мәселе» жобасының қонағы «Қазақстандық сапа және инновациялық менеджменті» қауымдастығының президенті Азат Әбдірахманов осылай дейді. Ол сонымен қатар, сарапшы ретінде медицина саласында қордаланған мәселелерді атап өтіп, оларды шешудің жолдарын ұсынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через