Отандық туристік агенттіктер әуе компанияларын тексеруді талап етті. Себебі, тасымалдаушылар билет бағасын бес есеге шарықтатып жіберген. Тек былтырдан бері ішкі және сыртқы рейстердің құны 18 пайызға көтеріліпті. Қымбатшылықты сарапшылар демалыс маусымымен байланыстырады. Олар жазда билетке сұраныс артып, әуе компаниялары еселеп пайда табуды көздейді деген пікірде. Бұған қатысты Азаматтық авиация комитетініңжауабы қандай?
Демалыс маусымы басталғалы отандық турагенттіктердің телефонына тыным жоқ. Себебі, аптап ыстықта теңізде тынығып, шетел асатын отандастарымыз көп. Санкция салдарынан ресейліктер де шекара асу үшін елдегі туристік компанияларға жүгіне бастапты. Алайда солтүстік көршілеріміздің курорттық елдерге біз арқылы ұшуы билет бағасын шарықтатып жіберді дейді Қазақстан туроператорлар қауымдастығы.
Біз билет бағасының 10, 20 пайызға емес, бірден бес есе қымбаттағанын байқадық. Әуе компаниялары сұраныс артқанын көріп отыр. Сондықтан билет құнын шарықтатып жіберді. Оларды бақылайтын орган жоқ па түсінбедім. Бір өкініштісі, бағаны ауыздықтауға ешкім тырысып жатқан жоқ. Инна Рей, Қазақстан туроператорлар қауымдастығының президенті.
Қымбат билет шетелде демалғысы келетіндерге кедергі емес сыңайлы. Статистикаға сүйенсек, соңғы бес айда елдегі әуе компаниялары 3 млн-нан астам жолаушы тасымалдапты. Соның тең жартысы сыртқы рейстер. Тиісінше әуе тасмылдаушылардың пайдасы да еселеп артқан. Ал әуе компаниялары билет құны сұйық отынның бағасына тікелей байланыстырады. Дегенмен сарапшылар бұған кесілпейді. Өйткені, елде авиакеросин қоры жеткілікті, жыл басынан бері бағасы да өспепті.
Билет құнының тек 30 пайызы жанармай бағасына байланысты. Елде авицацияға арналған сұйық отын қымбаттаған жоқ. Мұнай өңдейтін зауыттар да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Менің ойымша, әуе компаниялары өз өздерін сақтандыру үшін осындай қадамға барып отыр. Ерлан Жаукин, мұнай-газ саласының сарапшысы
Қазақстандағы туристік компаниялар әуедегі жол ақысын ешкім қадағаламайды деп қынжылады. Олар жағдайды тиісті органдар бақылауға алсын деген талап қойды. Ал Азаматтық авиация комитеті бағаны ауыздықтауға құзыретіміз жетпейді деп ашық айтты.
2012 жылдан бастап ішкі әуе тасымалдар нарығы толығымен бейтараптандырылғанын және рейстер саны мен бағыттар бойынша шектеулер жоқ екенін атап өту қажет. Яғни тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар. Егер әуе компаниялары келісіп, бағаны қолдан өсірсе монополияға қарсы қызметке жүгіну керек. Олар мәселені бақылауға алып, тексеріс жүргізеді. Ардақ Өтепов, ҚР Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары
Сарапшылар ұшақ билетінің құны әлде де тоқтаусыз өсетініне сенімді. Тіпті, эконом класстың бағасы бизнес класспен теңесуі де мүмкін. Турагенттіктер қымбатшылыққа тоқтау болмаса, сұраныс азаяды деп отыр. Себебі алдын ала билет сатып алмасаңыз қазіргі баға қалтаға әжептәуір салмақ түсіреді.
Фото: newtimes.kz, qazweek.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через