Биылғы оқу жылында соңғы қоңырау 31 мамырда өтеді. Ал мамыр айында тестілеу өткізілмеуі мүмкін.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, жыл сайын негізгі ҰБТ мамыр және маусым айларында өткізіліп келді, енді оған өзгеріс енгізу үшін арнайы жоба әзірленген.
Биылғы жоспар бойынша бірінші мүмкіндікке тіркелу наурыз айында ашылады. Алғашқы тестілеуді сәуір айында өткізудің бірнеше себебі бар: біріншіден, мамыр айында мереке көп. Екіншіден, биылғы оқу жылында соңғы қоңырау 31 мамырда өтеді. Оқушылардың бар ойы соңғы қоңырауды өткізуде болады, – деп түсіндірді Руслан Тохтарұлы.
Ұлттық тестілеу орталығы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынған жаңа жобада дистракторлар (жауап нұсқалары) саны өзгертілген. Яғни бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды.
Сондай-ақ сұрақтар саны да өзгереді. "Оқу сауаттылығы" бойынша 15 сұрақ, ал "Қазақстан тарихы" бойынша 20 сұрақ беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұл өзгерістер қазіргі таңда тестілеу орталығы тарапынан жоба ретінде ұсынылған.
Дереккөз inbusness.kz. Фото: qarmaqshy-tany.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через