Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина саласында атқарылған жұмыс қорытындыларын Үкімет отырысында баяндады.
Әсіресе сәбилердің шетінеуі Шымкент пен Қостанай облыстарында көп тіркелген.
Ел аймақтарында ана өлімі де тыйылмай тұр. Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында көрсеткіш жоғары. Бұл ретте Премьер-министр Әлихан Смайылов өлім-жітімнің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп заманауи перинаталдық орталықтардың санын арттыруды жүктеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через